Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2025 жылғы 30 маусымдағы № 355 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтын мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Әділет министрі
2025 жылғы 30 маусымдағы
№ 355 бұйрықпен
бекітілген
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың
тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы «Құқықтық кадастрдан ақпарат ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7586 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Құқықтық кадастрдан ақпарат беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: